Ең алғашқы дайын сорпа - тархана

Тархананың әлемнің алғашқы дайын сорпасы екенін білетін бе едіңіз?

1314824
Ең алғашқы дайын сорпа - тархана

Орталық Азия түріктері дайындаған «тархананың» әлемнің алғашқы дайын сорпасы екенін білетін бе едіңіз?

Тархана – ұн,  йогурт, ашытқы, көкөніс және дәмдеуіштер араластырылып, кептіріліп, артынан ұнтақталып жасалатын дәстүрлі ашытылған дақыл өнімі.  Орталық Азия түріктері дайындаған тархана әлемдегі алғашқы дайын сорпалаың бірі ретінде белгілі. Селчуктар кезінде Таяу Шығыс және Анадолыға жеткен тархананың есімінің қайдан келгені жөнінде нақты мәлімет жоқ. Тархананы гректер «трхана» деп атайды.

Тархана сөзінің түп тамыры жөнінде кейбір аңыздар бар. Ең ақылға қонымдысы – «дар хана» деген сөзден келгені.  Бір ораза айында Сұлтан жарлы ауылды аралап жүреді. Ауызашар уақыты келіп жеткенде бір үйге қонақ болады.  Дастарханда тек бір сорпа мен нан болады. Сұлтан сорпаны қатты ұнатады және «Бұл не?» деп сұрайды. Үйдің қожайыны қария кемпір «Сұлтаным,  дар хана (тар үй) сорпасы, басқа беретін нәрсем жоқ, ас болсын» дейді. Міне,  тар хана деп аталған осы сорпа уақыт өте келе тарханаға айналған деседі.

Түркияда тархана көбіне Кахраманмарашта белгілі және тархананың түр түрі жасалады.  Айырықша Ушак, Афионкарахисар, Малатия уәлаяттары және Бандырма, Гөнен, Гедиз, Бейпазарының да тарханасы танымал.



Ұқсас жаңалықтар