Берфин Алтун - Еуропа чемпионы

Зілтемір чемпионатында әйелдер арасында 64 келіде Берфин Алтун алтын медаль алды.

1293226
Берфин Алтун - Еуропа чемпионы

Румынияда өтіп жатқан Зілтемір чемпионатында әйелдер арасында 64 келіде Берфин Алтун алтын медаль алды.

Бухаресттегі чемпионатта жарысқан Берфин Алтун жұлқып көтеруде 94 келімен қола,  сілкіп көтеруде 118 келімен алтын медаль алды.  Жалпы 212 келі көтеріп, Еуропа чемпионы атанды.

Осы салмақта жарысқан Нурай Левент те жұлқып көтеруде 95 келімен күміс, сілкіп көтеруде 115 келімен қола медаль алды.  Ол екінші орын алды.

Чемпионаттың бесінші күнінің нәтижесінде түрік спортшылардың медаль саны 11 алтын, 8 күміс, 12 қола, барлығы 31 медальге жетті.



Ұқсас жаңалықтар