Гимнастикамен қоштасты

Жас спортшы әлеуметтік желіден жазды.

1289234
Гимнастикамен қоштасты

Түріктің ұлттық спортшысы Тутия Йылмаз гимнастиканы тастайтынын мәлімдеді.

20 жасар спортшы әлеуметтік желіден қоштасты.

«Гимнастиканы тастаймын» деген Йылмаз 3 жасынан бері үздіксіз 17 жыл жалғасқан гимнастика карьерасын тоқтатқанын,  өзіне қолдау көрсеткен баршаға алғыс білдіретінін жазды.

2016 Рио олимпиадасына Түркия атынан қатысқан ұлттық спортшы түрік спорт тарихында олимпиада ойындарына қатысқан ең жас гимнастикашы атағына ие болып еді.



Ұқсас жаңалықтар