Нобель Бейбітшілік сыйлығы Абий Ахмедке берілді

2019 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Али ие болды.

1286653
Нобель Бейбітшілік сыйлығы Абий Ахмедке берілді

2019 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Али ие болды.

Нобель Бейбітшілік сыйлығы биыл "Эритрея билігімен келісімге келіп, 20 жылға созылған қақтығысты аяқтатудағы бекімі, халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілікке қол жеткізу талпыныстары" үшін Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Алиге берілді. 

Норвегия Нобель комиссиясынан жасалған мәлімдемеде 2019 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Алидің Эритрея президенті Исаяс Афеуоркимен тығыз ынтымақтастық ішінде Эфиопия  мен Эритрея арасындағы ұзақ жылға созылған қақтығысты аяқтату үшін бір бейбітшілік келісімі ережелерін қысқа уақытта дайындағаны, мәселені шешу бекімі, халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілікке қол жеткізу талпыныстарына орай аталмыш сыйлыққа лайықты деп табылғаны білдірілді.

1993 жылы Эритерия Эфиопиядан тәуелсіздік алған. Ал 1998 жылы екі ел арасында жерге талас басталған. Қақтығыс екі жылға созылған еді.

Мәлімдемеде Абий Ахмед Алидің талпыныстарына шабыт беру керектігіне сенілгені, сыйлықтың бейбітшілік пен ымыраласу тақырыбындағы маңызды еңбектерінде  Эфиопия премьер-министрін күшейту үміт етілгені атап көрсетілді.

Былтыр бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы конголық хирург Дени Муквеге мен сириялық құқық қорғаушы Надя Мурадқа берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар