Анталияға келген шетелдік турист саны 13 миллионға ұласты

Қалалық Мәдениет және Туризм дирекциясы соңғы 9 алық мерзімнің турист саны статистикасын жариялады.

1280484
Анталияға келген шетелдік турист саны 13 миллионға ұласты

Туризмде әлемнің санаулы туризм орталықтарының бірі ретінде қабылданған Анталияға 9 айлық мерзімде 13 миллион шетелдік турист келді. Қалалық Мәдениет және Туризм дирекциясы мағлұматтарына қарағанда өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 17 пайыз өсу байқалды.

Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 4 миллион 100 мыңға жуық орыс турист келген Анталияға биыл келген турист саны шамамен 14 пайыздық өсіп 4 миллион 750 мыңға ұласты.

Қалаға ең көп турист жіберген елдер тізімінде Ресейдің артынан кезегімен 2 миллион 85 мың 83 туристімен Германия, 726 мың 602 туристімен Украина, 623 мың 501 туристімен Ұлыбритания орын алады.



Ұқсас жаңалықтар