Түрік кофесінің құпиясын үйрететін курстар ашылады

Білім беру министрлігі түрік кофесінің құпиясын үйрететін курстар ашады.

1260850
Түрік кофесінің құпиясын үйрететін курстар ашылады

Түркияда Білім беру министрлігі түрік кофесінің құпиясын үйрететін курстар ашады.

Ұлттық білім беру министрлігіне қарасты Өмір бойы білім алу бағдарламасы 81 провинция мен аудандарда ақысыз оқытудың көптеген бағыттары бойынша бейресми білім беру курстарына жаңа бағдарламалар енгізеді.

Бұл тұрғыда әуесқойлар үшін алғаш рет «Түрік кофесі мәдениеті» курсы ашылады. Өмір бойы оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар  халықтық білім беру орталықтарында ашылуы жоспарланған «Түрік кофесі мәдениеті» курсында түрік кофесі мен мәдениетінің егжей-тегжейін үйренетін болады.

Түрік мәдениетіндегі кофенің мәні мен маңызын түсіндіру, түрік кофесін дайындауға және ұсынуға, аймақтарға тән кофенің сорттарын тануға мүмкіндік беретін курс бағдарламасы 32 сағат деп жоспарланды.

Курста кофенің тарихы, кофе өсімдігінің сипаттамалары мен өсуі, Османлы сарайындағы кофе дәстүрі, түрік мәдениетіндегі кофенің орны, түрік кофесінің сорттары мен кофеханалары жайлы кең мәлімет беріледі. Сонымен бірге  түрік қоғамындағы кофенің маңыздылығы, өзінің ерекшеліктері мен құрылысы мамандар тарапынан түсіндіріледі.

Қатысушыларға сүтті түрік кофесі, мененгич, дибек, мырра, татымды кофе, күл кофесі және чедене кофесін дайындау әдістері үйретіледі.

Курс бағдарламасында кофені қуырудан бастап кофені ұнтақтауға, сақтауға және ұсынуға дейінгі егжей-тегжейлі ақпарат қамтылады. Айырықша қатысушыларға  түрік халқының кофе әдеттері, әдебиет пен поэзиядағы кофенің орны, тілек айту, қызға сырға салудағы орны және кофе ұсынуға байланысты түрлі әдеттер үйретіледі.

Курсқа сауаты бар және 13 жасқа толған кез келген адам қатыса алады.

Курс соңында қатысушылар жазбаша емтиханға кіреді.  Олар практикалық тәжірибеден өткізіледі. Курсты сәтті аяқтаған студенттерге  сертификат беріледі.

Білім беру министрлігі Түрік кофесі мәдениеті курсынан басқа алдағы уақытта қаржы, денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік медиа сауаттылығы саласында жаңа курстық бағдарламалар ашуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар