Түркияға келген шетелдік турист саны артты

Түркияға жеті айда 24 миллионнан астам шетелдік турист келді.

1260825
Түркияға келген шетелдік турист саны артты

Түркияға жеті айда 24 миллионнан астам шетелдік турист келді. 

Шілде айында Түркияға келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 16,67 пайыз артты.

Мәдениет және туризм министрлігі осы жылдың қаңтар-шілде кезеңіне байланысты туризм санақтарын жариялады.

Осы санақ бойынша 2019 жылының 7 айында Түркияға келген шетелдік турист саны өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 14,11  пайыз артып, 24 миллион 693 мың 886 адам болды.

Түркияға ең көп турист жіберге елдер арасында шілде айында 16,2 пайызбен Ресей Федерациясы бірінші орынды иеледі. Германия 14,06 пайыздық артумен екінші, Ұлыбритания болса 19,78 пайыздық артумен үшінші орынды алды.



Ұқсас жаңалықтар