Мәскеуде түрік музыкасы таныстырылды

Юнус Эмре Институты «Түрік музыкасын таныстыру концертін» ұйымдастырды.

1259451
Мәскеуде түрік музыкасы таныстырылды

Юнус Эмре Институты Ресейдің бас қаласы Мәскеуде Чайковский атындағы Мемлекеттік консерваториясында өткен Халықаралық музыка фестивалі шеңберінде «Түрік музыкасын таныстыру концертін» ұйымдастырды.

Музыка сүйер қауым үлкен ықылас білдірген бағдарламада ТР Мәдениет және туризм министрлігі Түрік әлемі музыкалық ансамблінің өнерпазы Ирфан Гүрдал мен Шамил Ерсөз сахнаға шықты. концертте түрік әлемінің музыкалық көне аспаптары таныстырылды.

Чайковский атындағы консерваторияда жалғасатын бағдарлама аясында «Түрік дін философиясы мен ней аспабы жөнінде сұхбат» ұйымдастырылады. Гази Университеті оқытушысы Мұстафа Татчы мен жазушы Лейла Ипекчи, ней өнерпазы Хакан Алванның қатысуымен отырыс өткізіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар