Теңіз тасбақаларының екі түрі Түркияда

Бұларды білетін бе едіңіз? - 34

1257253
Теңіз тасбақаларының екі түрі Түркияда

Әлемде 8 түрлі теңіз тасбақасы өмір сүретінін және олардың екі түрінің Түркияның Жерорта теңізі жағасында болатынын білетін бе едіңіз?

Жер бетінде өмір сүретін сегіз түрлі теңіз тасбақасының ішінде екі түрі Түркияның Жерорта теңізі жағасына келеді.  Бұлар  - ірі басты теңіз тасбақасы (Каретта каретта) және жасыл теңіз тасбақасы.

Осы екі түрлі теңіз тасбақалары жалпы мамыр-тамыз айлары арасында Екинжик-Далияннан Юмурталык-Самандагқа қарай көптеген жағажайда ұя салады. Осы ұяларға түнде жұмыртқаларын тастап кетеді.  Жасыл теңіз тасбақаларының жартысынан көбі Түркияда болғандықтан Түркия – осы түрдің Жерорта қойнауындағы ең маңызды мекені. Соңғы зерттеулер Жерорта теңізі қойнауында жасыл теңіз тасбақасының азайып бара жатқанын көрсетті.  Сондықтан теңіз тасбақалары қорғауға алынуда. Түркияда да теңіз тасбақаларының қорғалуына байланысты жүйелі жұмыстар жүріп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар