Токиода 2020 Олимпиада ойындары медальдері таныстырылды

Токиода ұйымдастырылатын 2020 Олимпиада ойындарында қолданылатын медальдер үшін таныстыру рәсімі өткізілді.

1241843
Токиода 2020 Олимпиада ойындары медальдері таныстырылды

Жапонияның бас қаласы Токиода ұйымдастырылатын 2020 Олимпиада ойындарында қолданылатын медальдер үшін таныстыру рәсімі өткізілді.

Токио Олимпиада комитеті тарапынан ұйымдастырылған рәсімде барлығы электрондық жабдықтардың қалдықтарынан  өндірілген "қоршаған ортаға үйлесетін" медальдер көрсетілді.

Бұрынғы медальдерге қарағанда жарқыраған түсімен ерекшеленген медальдерді өндіру барысында халықтың қолдауы жоғары болған.

Соңғы екі жылда ұйымдастырылған компанияларға белсене қатысқан жапон халқы 6.2 миллион ескі телефон бағыштаған.

Аталмыш жабдықтардың ішіндегі бөлшектерден шығарылған мөлшермен 32 килограм алтын, 3.5 тонна күміс және 2.2 тонна қола олимпиада және паралимпиада ойындары үшін қажетті 5 мың дана медаль жасауда қолданылды.

Олимпиада ойындары келесі жылы 24 шілде мен 9 тамыз арасында ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар