Месут Өзилге шабуыл жасалды

Мотоциклге мінген екі адам Лондонда Месут Өзил айдаған көлікке шабуылдады.

1242773
Месут Өзилге шабуыл жасалды

Ағылшын Премьер лигасындағы Арсенал командасында ойнайтын түрік футболшы Месут Өзилге шабуыл жасалды.

Ағылшын баспасөзінің хабарына қарағанда,  мотоциклге мінген екі адам Лондонда Месут Өзил айдаған көлікке шабуылдады.

Оқиғаның 8 секундтық көріністерінде түрік футболшының қасында отырған Босниялық футболшы Коласиначтың қолындағы пышағы бар шабуылдаушыларға қарсы тұруға тырысқаны,  артынан Месут Өзилдің есікті жауып,  көлікті жүргізгені көрінеді.

Өзилдің артынан жақын маңдағы түрік мейрамханасына барып,  көмек сұрағаны білдірілді.

Мейрамханадағы қызметкерлер сыртқа шыққаннан кейін шабуылдаушылардың қашып кеткені айтылды.

Полиция екі футболшының түсініктемесін алды.  



Ұқсас жаңалықтар