Кипр Бейбітшілік қозғалысының 45-ші жылдығы тойланды

Никосияда 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мейрамының 45-ші жылдығы рәсіммен ұйымдастырылды.

1239310
Кипр Бейбітшілік қозғалысының 45-ші жылдығы тойланды

Кипр Бейбітшілік қозғалысының 45-ші жылдығы тойланды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының астанасы Никосияда 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мейрамының 45-ші жылдығы рәсіммен ұйымдастырылды.

Бұғаз шейіттігінде ұйымдастырылған бірінші рәсімге Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Мұстафа Акынжы, Республика Мәжіліс төрағасы Теберрукен Улучай, премьер-министр Эрсин Татар, Түркияның Никосиядағы төтенше және өкілетті елшісі Али Мұрат Башчери, премьер-министр орынбасары және сыртқы істер министрі Кудрет Өзерсай, Республика Мәжілісі төрағасының орын басары Зорлу Төре, 2-ші Президент Мехмет Али Талат, министрлер, Жоғарғы сот төрағасы Нарин Ферди Шефик, саясат қайраткерлер, әскери қолбасшылар, азаматтық ұйым өкілдері және басқа қонақтар қатысты.

Рәсім Бұғаз шейіттігіне гүл шоқтарды қоюмен басталды. Әнұранның айтылуымен жалғасқан ресім Президент Мұстафа Акынжының арнайы дәптерге қол таңбасын қалдырумен аяқталды.   

Никосияда одан кейігі рәсім Кипр түрік халқының еркіндік күресінің лидері Др. Фазыл Күчүктің қабірі болған Аныттепедегі Др. Фазыл Күчүк Ескерткішінде өтті.

Астанадағы соңғы ресім Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрушы президенті, Кипр күресінің лидері Рауф Денкташты еске алу мақсатымен Түрік селбесу қоғамы Ескерткішінде өткізілді.

 



Ұқсас жаңалықтар