Әйгілі актер Дамм Түркияны жақсы көреді

Дамм «Түркияға әр бір рет келгенімде өзімді өте бақытты сезінемін. Түркияны өте жақсы көремін» деді.

1239209
Әйгілі актер Дамм Түркияны жақсы көреді

Әйгілі актер Дамм Түркияны жақсы көреді.

Голливуд актері Жан-Клод Ван Дамм Мугланың Бодрум ауданына келді.

Жазғы демалыс үшін Мугланың Бодрум ауданын таңдаған Дамм кеше кеште қонақ үйге орналасты. Кеште балық тағамын жеген Дамм өте керемет бір кеш өткізді.

Түнде кешкі шоуларды тамашалап видео және суретке тартқан Дамм қасына келіп амандасқандармен сұхбат етті.

Түркияның қонақжайлылығына риза екенін  түсіндірген Дамм «Түркияға әр бір рет келгенімде өзімді өте бақытты сезінемін. Түркияны өте жақсы көремін. Түркияның тартымды бір сырының бар екеніне сенімін. Өйткені бұны Түркияға келгеннен бастап сезінемін, сондықтан Түркияға келемін» деді.

«Түркия көптеген дін және мәдениетті тоғыстырған бір ел. Стамбул керемет бір қала. Стамбулдың өте бай тарихы мен мұрағаты бар» деген Дамм Түркияның теңізінің өте тұнық екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар