Түрік әуе жолдары екінші "Dreamliner" ұшағын қабылдады

«B787-9 Dreamliner» жолаушы ұшағы жалпы 300 жолаушы тасымалдайды.

1234234
Түрік әуе жолдары екінші "Dreamliner" ұшағын қабылдады

Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) екінші «B787-9 Dreamliner» жолаушы ұшағын қабылдады.

АҚШ-тың ұшақ фирмасы Боингке тапсырыс берілген «B787-9 Dreamliner» жолаушы ұшағы Стамбулға келді.

Соңғы технологиямен өндірілген ұшақтардың ең маңызды ерекшелігі жанармайды үнемдеуі және одан аз операциялық шығындары.

Қабылданған ұшақтың ішкі дизайны Түрік әуе жолдары үшін арнайы жобаланды. 270 экономикалық, 30 бизнес класс орынды ұшақ жалпы 300 жолаушы тасымалдау күшіне ие. 

Ұзақ бағыттарға ұшу үшін ұшақтың арнайы жобалаған орындықтары Түркияда өндірілді.

Екінші ұшақтың қосылуымен Түрік әуе жолдарындағы ұшақ саны 339-ға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар