72-ші Канн фильм фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Биыл 72-ші рет ұйымдастырылған Канн фильм фестивалінде «Алтын пальма бұтағы» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

1208326
72-ші Канн фильм фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Францияның Канн қаласында 14 мамыр күні басталған фестивальдің жүлде рәсімі Канн фестиваль сарайында болып өтті.

«Алтын пальма бұтағы» Оңтүстік Кореялық режиссер Пон Чжун Ходың "Паразит" (Parasite) атты фильміне табыс етілді.

Француз режиссер Селин Скьямманың "Отқа оранған жас қыздың портреті" (Portrait de la jeune fille en feu)үздік сценарий сыйлығын алды.

Жюри арнайы сыйлығын француз сценарист, актер және режиссер Ладж Лидің "Шеттетілгендер" (Les Miserables)және бразилиялық режиссерлер Клебер Мендонса Фильо мен Джулиано Дорнеллдің "Бакурау" (Bacurau)атты фильмдері алды.

Үлкен сыйлық француз режиссер және актриса Мати Диоптың "Атлантика" (Atlantique), үздік режиссер сыйлығы француз ағайынды режиссерлер Дарденнделердің «Жас Ахмед» (Le jeune Ahmed) атты фильмдеріне табыс етілді.

Фестивальде үздік әйел ойыншы сыйлығы "Кішкентай қуаныш" (Little Joe) фильміндегі рөлімен ағылшын және американдық актриса Эмили Бичемге берілсе, үздік еркек ойыншы сыйлығы "Дерт пен атақ"
(Douleur et gloire) атты фильмімен испандық актер Антонию Бандерас алды.

"Алтын камера" сыйлығын болса «Біздің аналарымыз» (Nuestras madres) атты фильмімен Гватемалалы режиссер Цезарь Диас ұтып алды.



Ұқсас жаңалықтар