Анадолының иттері қорғауға алынды

Кангал және акбаш деп аталатын ит түрлерін Сивас және Бурса қалаларында өсіреді.

1200170
Анадолының иттері қорғауға алынды

 

Түркия Егіншілік басқармасы (TİGEM) кангал және акбаш деп аталатын ит тұқымдарын арнайы қорғауға алды.

Егіншілік және орман министрлігінің хабарламасына қарағанда,  TİGEM Анадолы жағрапиясындағы ген көздерінің қорғалуына байланысты жұмыстарды атқарады.  Осы шеңберде кангал және акбаш деп аталатын ит түрлерін Сивас және Бурса қалаларында өсіреді.

Олардың таза тұқым ерекшеліктері сақталады.  Анадолыға тән осы ген көздерінің сақталып, тұқымының жоғалып кетпей, қасиеттерінің болашақ буындарға жеткізілуі мақсат етіледі.

Кангал және акбаш иттерін бағатын кәсіпорындар шетелдердің азаматтарына осы иттерді сатпайды. Түрік азаматтарына сатылады.  Осы аяда жыл сайын орташа 115 ит сатылуда,  соңғы бес жылда барлығы 565 ит сатылған.



Ұқсас жаңалықтар