"Аракандық Медиа білім беру бағдарламасының" тұсауы астана Анкарада кесілді

Медиа және азаматтық қоғамдар саласындағы тәжірибелі кісілер шақырылған бағдарламаға 12 елден келген 20 аракандық қатысты.

1188202
"Аракандық Медиа білім беру бағдарламасының" тұсауы астана Анкарада кесілді

Шетелдегі Түріктер және бауырлас қоғамдар басқармасы мен Түркия Радио Теледидар Басқармасының ынтымақтастығымен ұйымдастырылған және 15 күн жалғасатын "Аракандық Медиа білім беру бағдарламасының" тұсауы астана Анкарада кесілді.

Медиа және азаматтық қоғамдар саласындағы тәжірибелі кісілер шақырылған бағдарламаға 12 елден келген 20 аракандық қатысты.

Медиа және азаматтық қоғамдар саласындағы тәжірибелі мамандар білім беретін бағдарлама Анкара мен Стамбұл қалаларында 15 күн жалғасады.

Қатысушылар бағдарлама аясында қатысты мемлекеттік ұйымдарға да сапарлай бару орайын табады.

Бағдарламадағы сөзінде соңғы жылдарда Мьянмада тұратын мұсылмандардың жағдайына тоқталған төраға Абдуллах Ерен:

"Мьянманың 50 миллион жан саны бар. Мұның бір миллионға жуығы Аракан мұсылмандары. Өкінішке орай, Мьянмада мұсылмандар азаматтық құқығын қамтыған ең негізгі адамдық құқығынан мақұрым. Бұл мәселе халықаралық ұйымдар мен ақпарат саласында айтылуы және үнін жеткізулері керек.  Біз ұйым ретінде нелер жасай аламызды ойластырдық. Аракан диаспорасы бар, Еуропа елдерін қамтыған Бангладеш, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Судан елдерінде, Мьянма сыртында өмір сүріп жатқан аракандық көптеген мұсылмандар бар. Олардың арасында ақпарат қызметкерлері Азаматтық қоғамдарда жұмыстанып жатқан аракандық мұсылмандар бар. Олардың арасынан 12 елден 20 ақпарат қызметкерін медиа білімін алулары мақсатымен шақырдық" деп баса көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар