Сеулде түрік қолөнері көрмесі

Юнус Эмре Институты Сеулде дәстүрлі түрік қолөнері көрмесін ашты.

1183774
Сеулде түрік қолөнері көрмесі

Юнус Эмре Институты Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеулде дәстүрлі түрік қолөнері көрмесін ашты.

Сеулде қаңтар айында жұмыс істей бастаған ЮЭИ-ның ашылуына орай ұйымдастырылған жиын шеңберінде дәстүрлі түрік қолөнері туындылары көрмеге қойылды.

Шарада сөз сөйлеген Түркияның О. Кореядағы өкілетті және төтенше елшісі Ерсин Ерчин Түркияның О. Кореядағы жалғыз және ресми мәдениет орталығының Юнус Эмре Институты екенін айтып,  екі ел халықтарының бірқатар ұқсастықтары бар екеніне назар аударды.

Ханкук Шетелдік зерттеулер Университетінің ректоры Ин Чул Ким де екі елдің тарихи бауырластығының Юнус Эмре Институтында жүзеге асырылатын іс-шаралар арқылы жетіле түсетінін айтты.

Іс-шарада Ханкук Шетелдік зерттеулер Университетінің Түркология кафедрасы студенттері өз өнерлерін көрсетті. Өкілетті елші студенттер мен мұғалімдеріне Түрік Әуе жолдарының Түркияға ұшақ билеті берілетінін сүйіншіледі.



Ұқсас жаңалықтар