Күрестен төрт медаль келді

Күрестен Еуропа чемпионатында Сүлейман Атлы мен Мұстафа Кая алтын медаль алды

1180457
Күрестен төрт медаль келді

Күрестен Еуропа чемпионатында ерлер еркін стильде түрік палуан Сүлейман Атлы алтын медаль алды.

Румынияның бас қаласы Бухаресттегі жарыста ерлер еркін стиль 57 келіде ақтық сайысқа шыққан түрік палуан Муслим Садулаевты алып жықты.

Ересектер категориясында тұңғыш Еуропа чемпиондығына қол жеткізген Сүлейман Атлы бірінші күресінде француз, ширек финалде Әзірбайжандық, жартылай финалде болгар қарсыластарын жеңген еді.

Ерлер арасындағы еркін стиль 70 келіде Әзірбайжандық палуан Мустафаевты жеңген Мұстафа Кая да алтын медаль алды.

Ол да ересектер арасында бірінші Еуропа чемпиондығына қол жеткізді.

Еркін стиль 65 келіде Селахаттин Кылычсаллаян болса қола медаль алды.

79 келіде жарысқан Мұхаммед Нури Котаноғлу да қола медальді олжалады.



Ұқсас жаңалықтар