Сүмела монастыры ашылады

Сүмела монастырының бірінші бөлімі реставрация және жаңарту жұмыстарынан кейін 18 мамырда ашылады.

1179036
Сүмела монастыры ашылады

Трабзонның Мачка ауданындағы Сүмела монастырының бірінші бөлімі реставрация және жаңарту жұмыстарынан кейін 18 мамырда ашылады.

Алтындере сайындағы Қаратаудың етегінде,  жартасты алаңда орналасқан Сүмела монастыры кең көлемді реставрациядан өтті. Келуші қонақтарға табиғат, тарих және мәдениеттің сұлулығын жайып салатын монастыр әрдайым жергілікті және шетелдіктердің ықыласын аударды.

Монастырьды көру үшін келген туристтер табиғаттың көрінісін тамашалап, тауға өрмелейді,  тауда веловипед айдап,  парашютпен секіреді. Оларға фото сафари секілді түрлі мүмкіндіктер де ұсынылады.

18 мамырда басталатын Мұражайлар апталығында жаңа қонақтарын күтетін тарихи монастырьда 4 мың тонна жартас тазартылды. Монастырьға шығатын 300 метрлік жол реттелді. Тарихи су жолдары мен баспалдақтар жаңартылды.



Ұқсас жаңалықтар