Мәдениет порталына кірген қонақ саны артты

Түркия жөнінде нақты мәліметтер осы парақшада.

1177167
Мәдениет порталына кірген қонақ саны артты

Түркияның тарихи, туристік және мәдени байлықтарын таныстыратын Түркия Мәдениет порталын жылдың алғашқы ширегінде 1 миллион 622 мың 783 қолданушы қолданды.

Мәдениет және туризм министрлігінің жергілікті және шетелдік туристерге мағлұмат беру мақсатымен дайындалған порталында түрік тілі мен әдебиетінен фольклорға, түрік бейнелеу өнерінен археологиялық мұраға, географиялық мағлұматтардан асханаға дейін түрлі салада ақпарат беріледі. 2015 жылы эфирге шыққан порталда мұражайлар,  ежелгі қалалар,  қыдыруға болатын мекендер, қонақүйлер және іс-шаралар жөнінде толық мәлімет орын алған.

Түркия Мәдениет порталына биыл алғашқы ширекте өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда кірген қонақ саны 90 пайыз артты.

Порталға  "www.kulturportali.gov.tr" адресінен кіруге болады.

Биыл алғашқы ширекте осы порталға 1 миллион 622 мың 783 қонақ келген.

Ал қонақтар көбіне Бурса,  Газиантеп, Анкара, Мерсин және Ыспарта қалалары жөнінде мәлімет іздестірген.



Ұқсас жаңалықтар