Ирандағы қазбада 3 мың жылдық күміс шыны табылды

Иранның Ердебиль уәлаятында жасалған археологиялық қазбада 3 мың жылдық күміс бір шыны табылды.

1171953
Ирандағы қазбада 3 мың жылдық күміс шыны табылды

Иранның солтүстік батысындағы Ердебиль уәлаятында жасалған археологиялық қазбада 3 мың жылдық күміс бір шыны табылды. 

Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ға мәлімдеме жасаған Ердебиль Мәдени мұралар қолөнер және туризм кеңесінің төрағасы Надир Феллахи Ердебиль уәлаятына қарасты Халхал ауданында жалғасып жатқан археологиялық қазбаларда антикалық дәуірге тән бір күміс шыны табылғанын айтты.

Тарихи мұраның аймақта Біздің заманымыздан бұрынғы 850-616 жылдар арасында билік жүргізген Манна Хандығы дәуіріне тән екенін білдірген Феллахи:

"Археологиялық қазбалар мен мамандардың зерттеулері Ахамеништерден 300 жыл бұрын да аймақта тіршілік болғанын көрсетеді. Бұл шыныны Батыс Әзірбайжанның Хасанлу аймағында табылған күміс шынылармен салыстыруға болады" деп көрсетті. 

Феллахи аталмыш күміс шынының Халхал Археология Мұражайында көрмеге қойылатынын білдірді.   



Ұқсас жаңалықтар