Али Ербаш Рағайып түнін еске алды

Ербаш "Үш айлар" деп аталатын игілік, берекет және кешірім маусымына кіргенімізді білдірді.

1158404
Али Ербаш Рағайып түнін еске алды

Дін Істері Басқармасының төрағасы Али Ербаш қасиетті күн мен түндердің жаратылыс мақсатына қарата  жауапкерліктерді ескеру үшін тамаша бір орай екенін атап көрсетті.

Ербаш Рағайып түніне орай жариялаған мәлімдемесінде халық арасында "Үш айлар" деп аталатын игілік, берекет және кешірім маусымына кіргенімізді білдірді. 

Бейсенбіні жұмаға жалғайтын түн осы рухани маусымға кірудің хабаршысы  болған Рағайып түнінің атап өтілетінін білдірген Ербаш:

"Мұсылмандар жыл сайын шынайы жасаған дұғалары, жүректен тәубә қылуы және ғибадаттарымен Рағайып түнін атап өту арқылы көңілдерін тыныштандырады. Қасиетті күндер мен түндер жаратылыс мақсатымызды, өзімізге, Жаратушымызға, қоршаған ортамызға және күллі жаратылыстарға бағытталған жауапкерліктерімізді таразыға салу және кемелді бір өмір үшін тың бастама бастауымыз үшін тамаша орай болып табылады" деп көрсетті. 

Ербаш бүкіл Ислам әлемінің Рағайып түніне еске алып, осы қасиетті түннің және қасиетті үш айларда мұсылмандардың береке-бірлікке, адамзаттың әділетке, бейбітшілік пен тыныштыққа жетуін Жаратушы Құдайдан тіледі.  



Ұқсас жаңалықтар