Қызыл армия ансамблі концерт береді

Александров атындағы Қызыл армия ансамблі Стамбулда концерт береді.

1157185
Қызыл армия ансамблі концерт береді

Александров атындағы Қызыл армия ансамблі Стамбулда концерт береді.

91 жылдығын тойлап отырған әскери ансамбль 9 наурыз күні сағат 16-да, 11 наурызда сағат 20-да тегін концерт береді.

Александров атындағы әскери ансамбльдің әртістері, хор солисттерінен тұратын 120 кісілік топ концерттерін 2019 Түркия-Ресей Мәдениет туризм жылы шеңберінде ұйымдастырады.

Репертуарында екі мыңнан астам туынды бар хор түріктің Ұлттық ән ұранымен қоса бірнеше түрік әнін де шырқайды.

Қызыл армия құрамында 1928 жылы құрылған хор алғашқы концертін сол жылы майдан шебіндегі әскерлер және Кеңес Одағы халықтарының көңілін көтеру үшін берген еді.



Ұқсас жаңалықтар