Каратеде 3 медаль

Биыл 7 сатыдан тұратын Карате 1 премьер лигасында маусымның бірінші сатысы Францияда өтті.

1134338
Каратеде 3 медаль

Карате 1 премьер лигасында Францияның бас қаласы Парижде өткен маусымның бірінші сатысында Түркия бір алтын, екі қола медаль алды.

Биыл 7 сатыдан тұратын Карате 1 премьер лигасында маусымның бірінші сатысы Францияда өтті.

2020 Токио олимпиада ойындарына қажетті ұпайды беретін сайыстар арасындағы чемпионатта 82 елдің 776 каратешілері сайысты.

Өткен жылы Еуропа чемпионы атанып,  әлемдік деңгейде екінші орын алған Серап Өзчелик Арапоғлу алтын медаль алды.  Әйелдер 50 келі ақтық сайысында жапон қарсыласын 6-0 есебімен жеңген Серап чемпион болды.

Әйелдер 61 келіде Мерве Чобан қола медаль алды.

Али Софуоғлу,  Эмре Вефа Гөкташ пен Кутлухан Дураннан тұратын Ерлер құрамасы болса үшінші орын алды.


Этикеттер: #карате , #медаль , #Париж

Ұқсас жаңалықтар