Қытай Чаңы-4 ғарыш көлігін Айға жолдады

Қытайдың Чаңы-4 адамсыз бақылау көлігі Айдың қараңғы бетіне қонды

1118532
Қытай Чаңы-4 ғарыш көлігін Айға жолдады
chang'e-4.jpg

Қытайдың Чаңы-4 адамсыз бақылау көлігі Айдың қараңғы бетіне қонды. 

Қытай Орталық телеарнасы CCTV  өткен ай ғарышқа жолданған Чаңы-4 адамсыз ғарыш бақылау  көлігінің Айдың Жер шарынан көрінбейтін қараңғы  бетіне жергілікті сағат бойынша 10.26-да табысты түрде қонғанын хабарлады. 

Бақылау көлігі қонған жерден алғашқы суретті де жіберді.

Айдың қараңғы бетіне қонған тұңғыш ғарыш көлігі болған Чаңы-4 ғарышты терең бақылау және Айдың басқа аймақтарында тіпті көп зерттеу мүмкіндігін жаратады. Осы арқылы бақылау көлігі Айда түрліше минералдардың бақылануы және үлгілер жинау үшін де қолданылады.

Чаңы-4 7 желтоқсанда Ғарыш шеру 3Б рокетасымен Айдағы Вон Карман кратериясына қону мақсатымен жолданған болатын.

Чаңы-4 бақылау көлігінің табысты түрде Айға қонуы терең ғарыштық зерттеулер үшін бұрылыс кезеңі болады деп қаралуда.

Ай радио сигналдарының қараңғы тарапқа жетуіне кедергі болғандықтан ол аймақпен Жер арасында тікелей байланыс жасалмай келе жатқан болатын.

Қытай Ұлттық Ғарыш басқармасы (CNSA) да осы кедергіні жою және Чаңы-4 арқылы байланыс жасау мақсатымен Чуечяу коммуникация серігін мамыр айында Жерден 455 мың километр алыстықтағы Екінші  Лагранжиан түйініндегі орбитаға жолдаған болатын.

Қытай қараша айында Айдың қараңғы бетін суретке түсіріп, жер бітімінің суреттерін Жер шарына жеткізген.

Чаңы-3 адамсыз бақылау  көлігін де 2013 жылы Айға жолдаған Қытай кезектегі адамсыз бақылау көлігі Чаңы-5-ті де ағымдағы жылы Айға жолдауды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар