Судан халқы түрік сериалдарын өте жақсы көреді

Судан халқының түрік сериалдарына деген қызығушылығы күн өткен сайын артты.

1104824
Судан халқы түрік сериалдарын өте жақсы көреді

Судан халқының түрік сериалдарына деген қызығушылығы күн өткен сайын артты.

Түрік сериалдары Суданда 2008 жылы алғаш рет қойыла бастады. Содан кейін аймақ елдеріне болғандай халықтың түрік сериалдарына деген қызығушылығы күн өткен сайын артты.

Түрік мәдениетінің танылуы, туризм, халықтардың бір-біріне жақындасуы, көп кіріс түсуі сынды көптеген үлесі болған бұл сериалдар Судан халқы тарапынан 10 жылдан бері ұнатылуда.

Судан Университеті инженерлік факультеті студенті Ахмет Асаме түрік тіліне деген қызығушылығының қазір түрік сериалдарын тамашалаудағы ең үлкен себеп екенін айтты.  

Әке-шешелерімен бірге түрік сериалдарын ұзақ жылдан көріп келгенін баяндаған Усаме 2017 жылғы сериалдарды тамашалау арқылы түрік тілін үйрене бастағанын атап өтті.  

Халықаралық Судан Университеті коммуникация факультетін бітірген Сара Садык болса түрік сериалдарын үнемі тамашалағанын және түрік тағамдарына қатты қызыққанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар