Емине Ердоған Аргентинада Эвита Мұражайына барды

Емине Ердоған Аргентинада Эвита Мұражайына зиярат жасады

1098130
Емине Ердоған Аргентинада Эвита Мұражайына барды

 

Елбасы Режеп Таип Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Аргентинада Эвита Мұражайына зиярат жасады.

Елбасы Ердоғанның Үлкен-20 саммитіне орай Аргентинаға жасаған зияратына жолсерік болған Емине Ердоған елорда Буэнос Айрестегі Эвита Мұражайына зиярат жасады.

Емине Ердоған әйелдерге сайлау құқы беруді қамтыған, ұйымдастырған әлеуметтік іс шаралары арқылы Аргентина тарихында маңызды орын иелеген Эва Перонның өмірбаянын суреттеген мұражайға келген кезде Эва Перон Тарихи зерттеулер Ұлттық институтының төрайымы Кристина Алварез Родригез тарапынан күтіп алынды.

Кристина Родригез Емине Ердоғанға мұражай және Эва Перонға байланысты мәліметтер берді.

Емине Ердоғанның мұражай сапарына кейбір министрлердің жұбайлары да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар