Президент Ердоған 3-ші Милгем жобасын тапсыру рәсіміне қатысты

Ердоған Шығыс Жерорта теңізі энергия резервтерін Түркия мен СКТР-ні шеттетіп шығара алмайтындарын атап көрсетті.

1081261
Президент Ердоған 3-ші Милгем жобасын тапсыру рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығыс Жерорта теңізіндегі табиғи резервтерін Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) шеттетіп, тонауға рұқсат бермейтіндерін атап айтты.

Ердоған Стамбұлда Милгем (Ұлттық кеме) жобасының үшінші өндірісі TCG Бургазада соғыс кемесінің Теңіз күштеріне тапсыру рәсімінде үн қатты.

Ердоған айтқан сөзінде Грекия мен Кипр Понти Әкімшілігінің Эгей теңізі мен Шығыс Жерорта теңізінде бір жақты басқан қадамдарына наразылық көрсетті.

Түркияның өз құқығын сақтайтынына назар аударған Ердоған «Түркияны теңізде жүзе алмайтын күйге келтіргісі келгендердің талпыныстарына рұқсат бермейміз. Шығыс Жерорта теңізі немесе Эгей теңізінде қадам баса алатынын ойлағандар қаншама қателескендерін түсіне бастады» деді.

Ердоған «Шығыс Жерорта теңізіндегі табиғи резервтерін Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) шеттетіп, тонауға рұқсат бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар