Ұлттық құрама Босния командасымен ойнайды

Жексенбі күні де Ресей құрамасымен сайысады.

1064901
Ұлттық құрама Босния командасымен ойнайды

Футболдан түрік құрамасы Босния және Герцоговина командасымен ойнайды.

11 қазан бейсенбі күні Ризе қаласында болатын дайындық матчын TRT1 телеарнасы тікелей жариялайды.

Түрік құрамасы екі күн бойы Ривада дайындалады.  Артынан команда 10 қазан күні Ризе қаласына аттанады.

Сол күні Түркия уақытымен сағат 19.45-те команда жаттықтырушысы баспасөз өкілдерінің алдына шығады.

Түркия мен Босния және Герцоговина командалары арасында матч Түркия уақытымен сағат 20.30-да басталады.

Ұлттық құрама Ресеймен ойналатын UEFA Ұлттар лигасы матчы үшін 12 қазан жұма күні Сочи қаласына аттанады.

Ресеймен ойналатын матч 14 қазан жексенбі күні Түркия уақытымен сағат 19.00-де басталады. Осы матчты да TRT1 телеарнасы тікелей жариялайды.



Ұқсас жаңалықтар