Кониядағы музыка фестивалы аяқталды

«15-ші Кония халықаралық музыка фестивалының» финал концерті аяқталды.

1059993
Кониядағы музыка фестивалы аяқталды

Түрік-Ислам сопылық әдебиетінің құрушысы және ұлы ақын Мәулана Джаллаледдин Румидің дүниеге келгенінің 811 жылдығы іс-шаралары аясында ұйымдастырылған «15-ші Кония халықаралық музыка фестивалының» финал концерті аяқталды.

Кония провинциясы мен провинцияның мәдениет және туризм басқармасы тарапынан ұйымдастырылған, сондай-ақ 10 күн жалғасқан фестиваль Мәулана мәдениет орталығында «Алиоұғлұ би үйірмесінің» концертімен аяқталды. 

Биылғы фестивальға 3 жергілікті ән-би үйірмесімен қатар Ауғанстан, Марокко, Ливан, Иран, Испания, Ирак, Әзірбайжан және Өзбекстаннан да өнерпаздар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар