Жапония жүк капсуласын ғарышқа ұшырды

Халықаралық Ғарыш стансасына кейбір материалдар тасымалдаған жүк капсуласы Жапонияның Танегашима ғарыш орталығынан ұшырылды.

1055054
Жапония жүк капсуласын ғарышқа ұшырды

Халықаралық Ғарыш стансасына кейбір материалдар тасымалдаған Жапонияның жүк капсуласы Танегашима ғарыш орталығынан ұшырылды.

Америка Ұлттық Авиация және Ғарыш агенттігі (NASA) жасаған мәлімдемеге қарағанда Жапон Ғарыш зерттеу агенттігі (JAXA) ішінде азық-түлік, сынақ жабдықтары және жаңа батареялар бар жүк капсуласын Жапонияның оңтүстігіндегі Танегашима ғарыш орталығынан табысты түрде жолдағанын жариялады.

Капсуланың 4 күннен кейін Халықаралық ғарыш стансасына баруы күтіледі.

Жүк капсуласының екі апта бұрын жоспарланған ұшуы Жапониядағы нашар ауарайы мен технологиялық проблемалар себепті кейінге қалдырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар