Қытайлық туристтер Түркияға көп келуде

Өнен өткен жылы Түркияға 240 мың қытайлық туристтің келгенін еске салды.

1032967
Қытайлық туристтер Түркияға көп келуде

Өнен өткен жылы Түркияға 240 мың қытайлық туристтің келгенін еске салды.

Түркияның Пекиндегі өкілетті және төтенше елшісі Абдулкадир Өнен Түркияға келген қытайлық туристтер санының биыл 400 мыңнан асып, рекорд жаңартатынын айтты.

Түркияда инвестиция салған мықты Қытай фирма санының  бір мыңнан асқанына назар аударған Өнен бұлардың ішінде ICBC пен Bank of China сынды маңызды банктермен қатар әлемнің алпауыт фирмаларынан Huawei-дің де орын алғанын атап өтті.  

Қытайдың әлемнің ең үлкен туризм нарығы екеніне назар аударған Өнен «Қытайлық туристер ақша жұмсауда өте жомарт. Олар әрі мәдениет туризміне де қатты көңіл бөледі» деді.

Өнен өткен жылы 240 мың қытайлық туристтің Түркияға келгенін еске салып, осы жылдың алғашқы алты айында өткен жылдың бірдей маусымымен салыстырғанда 97 пайыздық арту болғанын айтты.


Этикеттер: #турист , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар