Неміс туристтердің таңдауы Түркия

‘Thomas Cook’ Германия Түркияға деген туризм сұранысы артқан соң рейстердегі орындық саны сұранысын жазғы маусымына 25 мың, күз маусымы үшін 6 мыңға көтерді.

1029826
Неміс туристтердің таңдауы Түркия

Еуропа саяхат нарықтарының үлкен фирмаларының бірі ‘Thomas Cook’ Германия Түркияға деген туризм сұранысы себепті рейс орындық санын жазғы маусым үшін 25 мың күз маусымы үшін 6 мыңға көтерді.

Thomas Cook Германия лауазымдыларының мәлімдемесіне қарағанда, Түркия бұл жазғы маусымда Испания және Грекиямен бірге немістердің ең көп таңдалған демалыс орындары арасында екенін атап көрсетті.

Thomas Cook лауазымдылары Түркияның неміс демалыс нарықтары ең көп назар аударған елдер арасында орын алуының себебі ретінде «таңдаулы өнімдер, сапалы қызмет көрсетілуі және түріктердің қонақжайлығы» көрсетті.

Түркияға демалысқа барған неміс турист саны биылдың қаңтар-маусым кезеңінде өткен бірдей кезеңімен салыстырғанда шамамен 10 пайыз артып, 1 миллион 560 мың 251 адам болды.

Германия Ресейдің артынан Түркияға ең көп турист жіберген елдер арасында.



Ұқсас жаңалықтар