TRT-нің «Үнсіз Өлім» атты деректі фильмі Эмми сыйлығына үміткер

«TRT World» теледидар саласының Оскары ретінде қабылданған Эмми жүлдесіне үміткер болды.

1027977
TRT-нің «Үнсіз Өлім» атты деректі фильмі Эмми сыйлығына үміткер

Түркияның алғашқы ағылшын тілде эфир тарататын хабар телеарнасы «TRT World»

"Оскар", "Грэмми" немесе "Тони" жүлделері секілді теледидар саласындағы салмақты жүлде саналған «Эмми» жүлдесіне тұңғыш рет үміткер болды.

TRT World жасаған мәлімдемеге қарағанда телеарнаның жүлдені деректі фильм сериалы «Off the Grid»-тің өткен жылы жарияланған және Таяу Шығыста ортаға шыққан адамгершілікке жатпаған орган саудасын тақырып қылған «Үнсіз Өлім» атты сериал биылғы «Эмми» жүлделерінің «Актуальды хабар бағдарламасы» категориясында жүлдеге үміткер ретінде ұсынылды.

Телеарна бұл категорияда әлемнің ең мықты хабар арналары жариялаған 7 бөлек шығармамен бәйгеге түседі.

Жүлде 1 қазан күні Нью-Йоркта табыс етіледі.

«Үнсіз Өлім» деректі фильмі өткен маусым айында болса Италияда ұйымдастырылған Халықаралық ізденуші журналистика жүлдесін алған болатын. Деректі фильм де жанұяларына бір жапырақ нан, бір жұтым су апару үшін органын сатқан босқындардың жағдайы әрі құрбандардың, әрі саудагерлердің ауызынан түсіндіріледі.

TRT World алдында да Түрік қарулы күштерінің Сирияда террор ұйымы ДАИШ-тен тазаланған аймақтағы тіршілігін деректі фильм қылған және Дубайда ұйымдастырылған «BroadcastPro» Таяу Шығыс жүлделері рәсімінде «үздік деректі фильм» сыйлығын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар