Месут Өзил Германия командасынан кетті

Әйгілі түрік текті футболшы Месут Өзил Германия футбол командасынан шыққанын жариялады

1009186
Месут Өзил Германия командасынан кетті

Ресейдегі 2018 Әлем кубогында Германия футбол командасы үлкен жеңіліске ұшырады. Германия футбол командасындағы әйгілі түрік текті футболшы Месут Өзил командадан шығатынын жариялады. Өзилдің бұл шешімі үлкен дүмпу жаратты.

Баршаға аян президент Режеп Тайып Ердоған мамыр айында Лондонда түрік текті футболшы Месут Өзил және Илкай Гүндоғанмен кездесіп, бірге суретке түскен еді. Месут Өзилдің президент Ердоғанмен бірге суретке түсуі тараптар және саясатшылардың наразылығына душар болған. Одан кейін Германияда әйгілі түрік текті футболшыға қатты сындар мен жамандау кампания жасалды.

Осыған орай Месут Өзилдің әкесі де өткен күндерде жасаған мәлімдемесінде «Мен егер Месут болсам ұттық командадан кетуші едім» деген сөздер қолданған.

Көп өтпей Месут Өзил Германия футбол командасынан кеткенін жариялады.


Этикеттер: #Германия , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар