Әлем чемпионатындағы бүгінгі матчтар

Ұлыбритания мен Бельгия Калининград стадионында сайысады.

1001566
Әлем чемпионатындағы бүгінгі матчтар

Ресейде өтіп жатқан 2018 FIFA Әлем чемпионатында бүгін ойналатын 4 матчпен топтық сайыстар аяқталады.

G және H топтарында соңғы 16 турдағы матчтар бүгін кеште белгілі болады.

H тобында Түркия уақытымен сағат 17.00-де Жапония-Польша және Сенегал-Колумбия мачтары ойналады. Волгоград Аренадағы Жапония-Польша матчы TRT 1-ден жарияланады. Самара Аренадағы ойналатын Сенегал-Колумбия матчы болса TRTSPOR телеарнасынан беріледі.

G тобында Ұлыбритания мен Бельгия Калининград стадионында сайысады.

Осы топтағы басқа бір матч болса Сарансктағы Мордовия Аренада Панама мен Тунис арасында болады.

Екі матч та Түркия уақытымен сағат 21.00-де басталады. Ұлыбритания-Бельгия матчы TRT 1, Панама-Тунис матчы  TRTSPOR телеарнасынан жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар