Қытай делегациясы Стамбулда

Қытайдың 11 адамдық делегациясы Стамбулда болды.

1000737
Қытай делегациясы Стамбулда

Түрік тілін, мәдениетін және тарихын әлемге насихаттау үшін ел ішінде және шетелдерде маңызды жобаларға қолтаңба басқан Юнус Эмре Институты «Қонағымыз болыңыз» атты жоба аясында Қытай делегациясын қонақ қылды.

Қытайдың беделді журналисттері мен әлеуметтік желі өкілдерінен тұратын 11 адамдық делегация Стамбулда болды.

Стамбулға келген Қытай делегациясы Бейоғлу ауданындағы Пера мұражайын аралады.

Юнус Эмре Институты Түркология директоры Тайфун Калкан Юнус Эмре Институтының Түркияның мәдениеті және қоғамдық дипломатиясын жүргізген маңызды мекеме екенін атап көрсетті. «Біз осы аяда Түркияны шетелде таныстыруға тырысудамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар