Барселонада Түрік фильм фестивалі басталды

Фестиваль Нури Билге Джейланның «Қыс ұйқысы» атты фильмінің қойылымымен басталды.

965778
Барселонада Түрік фильм фестивалі басталды

Биыл бірінші рет ұйымдастырылған Барселона Түрік фильм фестивалі басталды.

Испанияның Барселона қаласындағы фестиваль Нури Билге Джейланның «Қыс ұйқысы» атты фильмінің қойылымымен басталды.

Фестивальдің беташарына Түркияның Барселонадағы бас консулы Гүчлү Калафат,  Эбру Джейланғ режиссер Сенем Түзен, продюссер Ямач Окур, рижессер Селим Евджи қатысты.

Түркияның Барселонадағы бас консулдығының үлесімен ұйымдастырылған фестиваль аясында Серен Юдженің «Желде шайқалған гүл», Мұстафа Караның «Каландар салқыны», Фикрет Рейханның «Сары ыстық», Онур Сайлактың «Тағы»,  Толға Карачеликтің «Сармашык», Сенем Түзеннің «Ана мекені», Мехмет Ерйылмаздың «Қонақ» және Селим Евджинің «Сақтаулы» деген фильмдері көрсетіледі.

Фильм фестивалі 17  мамыр күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар