Түріктер кітап оқуда алдыңғы қатарда орын алды

Түркияда кітап оқу үшін күнделікті босатқан уақыт бірқатар Еуропа елдерінен көп.

957820
Түріктер кітап оқуда алдыңғы қатарда орын алды

Түркияда кітап оқу үшін күнделікті босатқан уақыт бірқатар Еуропа елдерінен көп.

Еуропа статистика мекемесі Eurostat 23 сәуір кітап оқу күніне орай 15 елде 2008-2015 жылдары аралығында жасалған зерттеудің қорытындысын жариялады.

Осы зерттеуге қарағанда эстониялықтар күнде 13 минут кітап  оқып, бірінші орынды иелеуде. Эстониялықтардан кейін 12 минутпен польшалықтар мен финляндиялықтар орын алуда.

Зерттеуде венгриялықтардың күнде 10 минут, грекиялықтардың болса күнде 9 минут кітап оқығанын ортаға қойды.

Түріктер болса күнде 7 минут кітап оқуымен ағылшын, испан және голландиялықтар болып, бірқатар Еуропа елін артқа тастады.


Этикеттер: #Еуропа , #кітап

Ұқсас жаңалықтар