Жасы ең кіші түрік спортшы

7 жасар спортшы Италияда жарысты.

943448
Жасы ең кіші түрік спортшы

Түркия Картинг чемпионаты кіші жас категориясынан Алп Хасан Аксой 5 жарыстан тұратын Таяу және Шығыс Еуропа Rotax Max Challenge CEE сериясы  «micro max» категориясында жарысып,  жасы ең кіші түрік спортшы атағын алды.

Түркия автомобиль спорттары федерациясының хабарламасына қарағанда,  Италияда өткен жарыста 18 елдің 45 спортшысы жарысты.

Бірінші группадағы Аксой жаңбыр астында өткен турларды жетінші орында аяқтады. Бірақ жол кепкеннен кейін екінші топ жылдам жүргендіктен ол 21-ші орынға шегінді.

Алп іріктеу турын 21-ші орында бастап,  бірінші іріктеуді 19,  екінші іріктеуді 13-ші кезекте аяқтады.

7 жасар Алп Аксой 7-11 жас аралығындағы спортшылар категориясында ақтық сайысқа 22-ші кезектен қатысты.

Ақтық сайыста жарысқан ең кіші спортшы болған Аксой осы жарысты да 13-ші кезекте аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар