Түркия мен Қазақстан радиода ортақ таралым жасады

Түркия Үні Радиосы мен Қазақ Радиосы Наурыз мейрамына орай тұңғыш рет ортақ тікелей эфирде таралым жасады.

936250
Түркия мен Қазақстан радиода ортақ таралым жасады

Түркия Үні Радиосы мен Қазақ Радиосы Наурыз мейрамына орай тұңғыш рет ортақ тікелей эфирде таралым жасады.

Түркия Радио теледидар Мекемесі TRT-нің Түркия Үні Радиосы мен Қазақ Радиосы Наурыз мейрамына орай тұңғыш рет ортақ тікелей эфирде таралым жасады.

Екі елдің мемлекеттік радио мекемесінің Астана және Анкарадағы орталық студияларында «радио көпір» ретінде қазақ тілінде жүргізілген және бір сағат жалғасқан тікелей эфирде Наурыздың екі ел халқының тарихындағы орны мен маңызы түсіндірілді.

Қазақ радиосы бас редакторы Мәди Манатбекұлы жасаған мәлімдемесінде таралымның сәтті өткенін білдіріп, «Таралымның мақсаты түркітілдес республикаларға үлгі болу және ортақ таралымды жүзеге асыру» деді.

Қазақ радиосы тармағында 4 станцияның қызмет істегенін және бұл жерде қызметкерлердің тәжірибелерді арттыру үшін Түркияға жіберуге тырысқанын айтқан Манатбекұлы Түркиядан да радио қызметкерлерін күткендерін, ортақ тікелей эфир таралымының екі ел мемлекеттік радиолары арасындағы ынтымақтастығының бастамасы екенін айтты.

 


Этикеттер: #қазақ , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар