Эр-Риядтағы жәрмеңкеге Түркия қатысады

«Сауд Арабиясы 4-ші отандық өнімдеріне қолдау жәрмеңкесінің» құрметті қонағы Түркия болады.

915984
Эр-Риядтағы жәрмеңкеге Түркия қатысады

«Сауд Арабиясы 4-ші отандық өнімдеріне қолдау жәрмеңкесінің» құрметті қонағы Түркия болады.

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 25 ақпан күні басталатын «Сауд Арабиясы 4-ші отандық өнімдеріне қолдау жәрмеңкесінің» құрметті қонағы Түркия болады.

Сауд Арабиясы хабар агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігіне қарасты отандық әскери өнімдері басқармасы төрағасы генерал-лецтенант Атие әл-Малики Риядта ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Түркияның құрметті қонақ ретінде жәрмеңкеге қатысуының фирмалардың өнімдерді көрсету және Сауд Арабиясындағы фирмалармен келісім жасау үшін бір орай екенін айтты.

Жәрмеңкенің дайындық комитеті төрағасы да болған Малики Түркия атынан қатысқан фирмалардың жәрмеңке аясында конференциялар мен семинарларға қатысатынын айтты.

Сауд Арабиясы 4-ші отандық өнімдеріне қолдау жәрмеңкесі 25 ақпан және 3 наурыз күндері аралығында өтеді. Жәрмеңкеге 60-тан астам халықаралық фирмасының қатысуы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар