Берлин фильм фестивалі басталды

Фестивальде 78 елден 385 фильм көрсетіледі.

912099
Берлин фильм фестивалі басталды

Германияда 68-ші Халықаралық Берлин фильм фестивалі басталды.

Фестиваль Вес Андерсонның "Isle of Dogs - Ataris Reise" атты анимациялық фильмінің қойылымымен басталды.

Осылайша фестиваль бірінші рет бір анимациялық фильмнің әлемдік премьерасымен ашылды.

Фестивальде 78 елден 385 фильм көрсетіледі. 19 фильм жүлде үшін жарысады.

Түркиядан да «Көгершін», «Тұздан тұғыр», «Араф» атты картиналар көрсетіледі.

Берлин фильм фестивалінің жеңімпаздары 24 ақпан күні жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар