Түркия жәдігерлерін іздейді

Мәдени жәдігерлерді зерттеу комиссиясы Франция және Ұлыбританияға аттанады.

907345
Түркия жәдігерлерін іздейді

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жанындағы Мәдени жәдігерлерді зерттеу комиссиясы Түркиядан алып қашырылған тарихи туындылардың қайтарылуын талқылау үшін келесі апта Франция және Ұлыбританияға аттанады.

Мәжіліс комиссиясы төрағасы Мұстафа Исен шетелге алып қашырылған  баға жетпес көптеген жәдігер бар екенін айтты.  «Байланыстарымыз барысында шетелдіктердің біздің бетімізге қарай алмағандарын байқадық» деді ол.

Ол 16 қараша кұні жұмысын бастаған комиссияның ел ішінде зерттеу жүргізгеннен кейін енді шетелге сапар басталатынын, өткен апта Германия мен Данияға барып келгендерін айтты.

Комиссия өз жұмысын наурыз айында аяқтайды.



Ұқсас жаңалықтар