Барыш Манчоның қайтыс болғанына 19 жыл

Түркия атақты әнші, марқұм Барыш Манчоны еске алуда.

901576
Барыш Манчоның қайтыс болғанына 19 жыл

Атақты әншінің жеке бұйымдары көрмеге қойылған «Барыш Манчо мұражайына» келушілер артты.

Әншінің жұбайы Лале Манчо мұражайдың 2010 жылы құрылғанын айтып: «Мұражайдағы барлық бұйым – түпнұсқасы. Біз қалай өмір сүрген болсақ,  солай қалдырдық» деді.

«Қаңтар айында 6 мың адам келді.  Бұл дерек - мұражай саласында үлкен көрсеткіш» деді ол.

Мұражайда атақты әншінің барлық бұйымдарын көруге болады. Осында әншінің киімдері,  жүзіктері мен коллекциялары орын алған.

Әншінің баласы Батыкан Манчо да «Мұражайдың жоғарғы қабатында әкемнің жас кезінде салған суреттері бар. Әкемнің осы қасиетін көп адам біле бермейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар