Жаңа мұражайлар ашылады

Мәдениет және туризм министрлігі биыл Түркияда 13 жаңа мұражай ашады.

897810
Жаңа мұражайлар ашылады

Мәдениет және туризм министрлігі биыл Түркияда 13 жаңа мұражай ашады.

Министрлік жанындағы Мәдени жәдігерлер және мұражайлар бас дирекциясы Түркия көлемінде мұражайларды жақсарту және жаңа мұражай ашу жұмыстарын жалғастыруда.

Осы аяда 9 жаңа мұражайдың беташары өткізіледі. Министрлік қалған 4 мұражайды 2018 жылы аяқтап,  қызметке беруге дайындайды.

Жоспарға орай биыл Бартын Амасра мұражайы,  Едирне мұражайы, Малатия Бешконаклар мұражайы, Мардин мұражайы, Битлис Ахлат Селчук қабірстаны мұражайы,  Чанкыры мұражайы,  Шанлыурфа Археология мұражайы, Кайсери Ататүрік үйі мен Батман мұражайы ашылады.

Министрліктің деректеріне қарағанда 2017 жылыдң мәліметтеріне сай Түркия көлемінде мұражайларда 3 миллион 331 мың 359 экспонат бар.  

Айырықша министрлікке қарасты 125 мазар, министрлік бақылауында 1596 жеке коллекционер бар.



Ұқсас жаңалықтар