Трояны Брэд Питт таныстыруы мүмкін

Мәдениет министрі Троя қаласының таныстырылуы жұмыстарын түсіндірді.

888692
Трояны Брэд Питт таныстыруы мүмкін

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Троя ежелгі қаласының халықаралық деңгейде таныстырылуы жұмыстарында атақты актер Брэд Питтің орын алуы үшін жұмыстанғандарын айтты.

Анталияның Белек туризм орталығында отандық медиа мекемелерінің Анкарадағы өкілдерімен бас қосқан Куртулмуш Трояның керемет қазына екенін, биыл ауқымды түрде таныстырылатынын білдірді.

Министр Трояны тек Түркияда емес,  әлемде таныстыру үшін шаралар өткізетіндерін атап көрсетті.  Куртулмуш осы аяда Мемлекеттік Опера және балетінің Троя жөнінде қойылым сахналайтынын, халықаралық деңгейдегі 23 фестивальде Трояның таныстырылатынын,  айырықша байқаулар,  концерттер,  спектакльдер,  фильм және деректі фильм байқаулары өткізілетінін айтты.

Министр сонымен бірге Трояға байланысты таныстырылымдарда әлемге танымал актер Брэд Питтпен бірге жұмыс істеу үшін жоспарлары бар екенін айтты.

Дүние жүзіндегі ең танымал ежелгі қалалардың бірі Троя қаласы Түркияның Чанаккале аймағында орналасқан. ЮНЕСКО тізімінде тұрған Троя – Гомердің біздің дәуірімізден бұрынғы 9-ғасырда жазылған «Илиада және Одиссея» дастанына арқау болған елді мекен.



Ұқсас жаңалықтар