Тесланың көлігімен рекорд

Америка құрлығын электрлі көлікпен жүріп өту рекорды жаңартылды.

881123
Тесланың көлігімен рекорд

Америка құрлығын электр қуатымен жүретін көлікпен жүріп өту рекорды жаңартылды. Жаңа рекорд Элон Масктың Тесла Моторс компаниясының Модель 3 көлігімен жаңартылды.

Америка Құрама Штаттарында жарияланатын «The Drive» журналында шыққан бір хабарға қарағанда, журнал редакторларының бірі Алекс Рой көлік иесі Дэниель Розеллмен бірге Лос-Анджелестен Нью-Йоркке 50 сағат 16 минут 32 секундта жетті.

Лос-Анджелесте Редондо жағалауынан 28 желтоқсан күні жолға шыққан команда 30 желтоқсан күні Атлант мұхиты жағасындағы Нью-Йорк қаласына жетті.

Осы команданың Америка құрлығын бір ұшынан басқа бір ұшына дейінгі сапары электрлі көлікпен жүзеге асырылған ең жылдам сапар ретінде тіркелді.

Бұдан бұрынғы рекордты да Алекс Рой бастаған команда фирманың басқа бір көлігі Модель S-пен жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар