«Айла» атты түрік фильмі Швеция мен Норвегияда көрсетілді

«Айла» атты түрік фильмі Еуропаның Стокгольм, Гетеборг, Мальме, Осло, Драммен, Ставангер және Берген қалаларында көрсетілді.

874703
«Айла» атты түрік фильмі Швеция мен Норвегияда көрсетілді

«Айла» атты түрік фильмі Швеция мен Норвегияда киносүйер қауымның назарына ұсынылды.

Корея соғысына қатысқан түрік әскері Сүлеймен Дилбирлиги бастан кешкен оқиғалар мен кішкентай Айланың сүйіспеншілік пен сағынышқа толы 65 жылдық хикаясы баяндалған «Айла» атты фильм Швеция мен Норвегияда көрсетілімде.

Швецияның бас қаласы Стокгольмде «Tumbascenen» кино залында көрсетілген  фильмге көрермен үлкен қызығушылық танытты.

Фильмді Швеция мен Норвегияда көрерменге ұсынған «Turkisk Film» компаниясының директоры Эрхан Өзай жасаған мәлімдемеде фильмнің баршаны тәнті еткенін атап айтты.

Фильмнің бас қала Стокгольмге қоса Гетеборг және Мальме қалаларында, Норвегияда болса бас қала Ослоға қоса, Драммен, Ставангер, Берген қалаларында көрсетілгенін тілге тиек еткен Өзай фильмді тамашалауға Швециядағы Корея қоғамдарының да шақырылғанын атап көрсетті.

Сценарийін Йигит Гүралп жазған кино Корея соғысы кезінде бір түрік әскері мен 5 жасар кореялық қыздың хикаясын баяндайды.



Ұқсас жаңалықтар